🔹«Атриум Актобе» ЖШС өкілдерімен кездесу өтті

🔹«Атриум Актобе» ЖШС өкілдерімен кездесу өтті

2026 жылғы 7 қазанда «Атриум Актобе» ЖШС мекеме өкілдерімен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушысы Кемалов Б.Б.-мен кездесу өткізілді.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасының қолданыстағы еңбек заңнамасының талаптары, еңбек қатынастарын дұрыс рәсімдеу, жұмыскерлердің еңбек құқықтары мен кепілдіктерін сақтау, сондай-ақ жұмыс берушілердің міндеттері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Кездесу соңында еңбек заңнамасы талаптарын сақтау және еңбек қатынастары саласында туындайтын мәселелердің алдын алу бойынша тиісті ұсынымдар берілді.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-enbek/press/news/details/1307004?lang=kk