Балалар арасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру мақсатында Шығаршашылық академияда профилактикалық іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шара кезінде балаларға өрт қауіпсіздігі ережелері, терезеден құлап кетудің алдын алу шаралары, электр розеткалары мен зарядтау құрылғыларын қауіпсіз пайдалану тәртібі жөнінде ақпарат берілді.
Балалардың алған білімін бекіту үшін Ақтөбе қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы әзірлеген тақырыптық бояу кітапшалары таратылды. Арнайы материалдар қауіпсіздік ережелерін балаларға ойын түрінде әрі жеңіл қабылдауға мүмкіндік береді.
Мұндай профилактикалық кездесулер балалардың қауіпсіздікке деген жауапкершілігін арттырып, төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған.
Ақтөбе облысының ТЖД