Қарттар-қазынамыз

Қарттар-қазынамыз

Қаратал ауылдық округінде Халықаралық қарттар күніне орай мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Мерекелік шара барысында ауылымыздың ардақты ата-әжелеріне құрмет көрсетіліп, ақ дастархан жайылды. Округ әкімі қазыналы қарттарды айтулы мерекемен құттықтап, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларына амандық пен бақ-береке тіледі. Шараның сәнін аудандық мәдениет қызметкерлері дайындаған әсем әндер мен әсерлі концерттік бағдарлама келтірді. Әсем әуендер мен жүрекке жылы әндер мерекелік көңіл-күй сыйлап, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Ақ жаулықты әжелер мен ақсақалдар ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдіріп, өздерінің ақ баталарын берді. Баталы сөздерімен кейінгі ұрпаққа ізгі тілектерін жеткізді. Қарттарымыздың өмірлік тәжірибесі мен өнегесі – кейінгі ұрпаққа үлгі, ал олардың ақ батасы – елге береке. Үлкенді сыйлау, қартты құрметтеу – халқымыздың асыл дәстүрі.

Мерекелік дастархан басында қарттарымыз бір-бірімен емен-жарқын әңгімелесіп, жақсы көңіл-күймен тарқасты.

Қарттарымыз аман болып, әр шаңыраққа ақ баталары мен берекесін сыйлап жүре берсін!

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-eskeldy-karatal/press/news/details/1306927?lang=kk