2026 жылғы 7 қазанда Департамент басшысы А. Е. Мекебаева «Электрондық өтініштер» АТЖ бойынша тіркеуші Т.В. Дулинамен бірлесіп департамент қызметкерлерімен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында А.Е. Мекебаева қызметкерлердің назарын Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарын мүлтіксіз сақтау қажеттілігіне, өтініштерді қараудың белгіленген мерзімдеріне және азаматтар мен ұйымдарға сапалы және уақтылы жауап беруді қамтамасыз етуге аударды.
Т.В. Дулина «Электрондық өтініштер» АТЖ жұмысының практикалық мәселелерін, оның ішінде қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес өтініштерді қарау және қайта бағыттау мерзімдерін есептеу тәртібін түсіндірді.
Аталған іс-шараны өткізу қызметкерлердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, орындаушылық тәртіпті нығайтуға және жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс істеу кезінде заңнама нормаларының біркелкі қолданылуын қамтамасыз етуге бағытталды.