Нұраталды ауылдық округі бойынша облыстық сенбілік ұйымдастырылып, санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді.
Сенбілікке ауылдық округтегі мекеме басшылары мен қызметкерлері белсене қатысып, өздеріне бекітілген аумақтармен қатар, ауыл көшелерін де тазалады.
Тазалық – баршамызға ортақ міндет. Туған ауылымыздың көркеюі мен тазалығына әрқайсымыз өз үлесімізді қосайық!
Округте "Таза Қазақстан" - аясында сенбілік өтті.
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-nurataldy/press/news/details/1306884?lang=kk