Психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу: мамандар тәжірибе алмасты

Психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу: мамандар тәжірибе алмасты

2026 жылғы 7 қазанда Павлодар облысының Өңірлік психологиялық қолдау орталығының мамандары Аққулы ауданының білім беру ұйымдарының педагог-психологтеріне арналған әдістемелік күн өткізді.

Іс-шара барысында психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметінің өзекті мәселелері, мамандар жұмысының негізгі бағыттары, сондай-ақ қосымша назар мен қолдауды қажет ететін білім алушыларды сүйемелдеудің ерекшеліктері қарастырылды.

Қатысушылар педагог-психологтердің негізгі құжаттамасын жүргізуге қойылатын талаптарды қарастырып, оны рәсімдеу және жүйелеу ерекшеліктерін талқылады. Сонымен қатар мамандар «BALAZHAN» платформасының функционалдық мүмкіндіктерімен және оны білім алушылармен жұмыс барысында қолдану ерекшеліктерімен танысты.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-edu/press/news/details/1306855?lang=kk