Жаңақорған ауданы мәслихатының кезекті 52 сессиясы өтті.

Жаңақорған ауданы мәслихатының кезекті  52 сессиясы өтті.

Ағымдағы жылдың 7 қазан күні  Жаңақорған ауданы мәслихатының кезекті 52 сессиясының отырысы өткізілді. Сессия отырысына  аудан әкімінің орынбасары Б.Ахметов, мәслихат депутаттары, дербес бөлім басшылары, кенттер мен ауылдық округтердің әкімі, және мәслихат аппаратының қызметкерлері қатысты.

 Сессияның күн тәртібінде:

           1. 2025-2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі аудандық жоспардың орындалу барысы туралы;         
           2. 2026-2028 жылдарға арналған  ауданның кенттер мен кейбір ауылдық округтерінің бюджеттеріне өзгерістер енгізу туралы.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті сала басшыларының хабарламалары тыңдалып, мәслихат депутаттары жауапты салаларға бірқатар сұрақтар қойып, өз ұсыныс-пікірлерін білдіріп, сессия отырысында тиісті шешімдер қабылданды.

 

 

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zhanakorgan/press/news/details/1306843?lang=kk