«Таза Қазақстан» – тазалық пен жауапкершіліктің жарқын үлгісі!

«Таза Қазақстан» – тазалық пен жауапкершіліктің жарқын үлгісі!

Ақшоқы ауылдық округіне қарасты Ақбауыр ауылында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ауыл көшелері мен жол жиектерін қоқыстан тазалау жұмыстары жүргізілді.
Тазалық жұмыстарының басты мақсаты – ауыл аумағының көркін жақсартып қана қоймай, қоршаған ортаны қорғау, санитарлық тазалықты сақтау және тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыру. Таза ауыл – әр тұрғынның ортақ міндеті. Ауылдың көркейіп, таза әрі жайлы болуы – баршамыздың бірлескен еңбегімізге байланысты. Табиғатты аялау, айналамызды таза ұстау – туған жерге деген құрметтің белгісі. «Таза Қазақстан» – бір күндік науқан емес, тазалықты күнделікті өмір салтына айналдыратын ортақ жауапкершілік!

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-akshoky/press/news/details/1306785?lang=kk