2026 жылдың 9 айында Алматы облысы бойынша 541 өтініш тіркелді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (353 өтініш) 188 өтінішке немесе 53,3%-ға көп.
Тексерулер жүргізіле отырып 77 өтініш қаралды, ал 2025 жылдың сәйкес кезеңінде бұл көрсеткіш 72 өтінішті құраған. Тіркелген бақылау іс-шараларының жалпы саны 87, оның ішінде бару арқылы жүргізілген 10 профилактикалық бақылау және 77 жоспардан тыс тексеру. 2025 жылы 77 бақылау іс-шарасы өткізілген, оның ішінде 1 профилактикалық бақылау және 76 жоспардан тыс тексеру.
Жоспардан тыс тексерулерді жүргізуге 242 тәуелсіз сарапшы тартылды.
Тексерулер жүргізіле отырып қаралған өтініштердің нәтижелері бойынша:
- негізді – 27 (35,1%);
- ішінара негізді – 29 (37,7%);
- негізсіз – 21 (27,3%).
Шағымдардың бейіндер бойынша құрылымы:
- терапиялық бейін – 15 (19,5%);
- хирургиялық бейін – 1 (1,3%);
- педиатриялық бейін – 4 (5,2%);
- акушерлік-гинекологиялық бейін – 5 (6,5%);
- стоматологиялық бейін – 5 (6,5%);
- инфекциялық бейін – 6 (7,8%);
- өзге де – 41 (53,2%).
Шағымдардың жүгіну себептері бойынша құрылымы:
- сапасыз емдеу және тексеруге қатысты – 38 (49,4%);
- ауруханаға жатқызудан бас тартуға қатысты – 8 (10,4%);
- еңбекке жарамсыздық парағын берудің негізділігі бойынша тексеру жүргізіле отырып қаралған өтініштер тіркелмеген;
- өзге себептер – 31 (40,3%).
2025 жылмен салыстырғанда сапасыз емдеу және тексеруге қатысты шағымдар саны 33-тен 38-ге, ал ауруханаға жатқызудан бас тартуға қатысты шағымдар саны 1-ден 8-ге дейін өсті. Бұл ретте өзге себептердің үлесі 48,6%-дан 40,3%-ға дейін төмендеді.
Медициналық қызмет саласындағы бұзушылықтар үшін жалпы сомасы 2 388 580 теңгеге әкімшілік құқық бұзушылық туралы 34 хаттама жасалды:
- ҚР ӘРПК-ның 80-бабының 2-1-бөлігі бойынша – 486 562,5 теңге сомасына 14 хаттама;
- ҚР ӘРПК-ның 82-бабының 1-бөлігі бойынша – 9 830 теңге сомасына 1 хаттама;
- ҚР ӘРПК-ның 230-бабы бойынша – 692 000 теңге сомасына 2 хаттама;
- ҚР ӘРПК-ның 424-бабының 1-бөлігі бойынша – 854 187,5 теңге сомасына 15 хаттама;
- ҚР ӘРПК-ның 424-бабының 2-бөлігі бойынша – 21 625 теңге сомасына 1 хаттама;
- ҚР ӘРПК-ның 464-бабының 1-бөлігі бойынша – 324 375 теңге сомасына 1 хаттама.
Құқық қорғау және сот органдарына 46 материал жолданды, бұл 2025 жылдың 9 айымен салыстырғанда (38 материал) 8 материалға немесе 21,1%-ға көп. Оның ішінде 44 материал – ішкі істер органдарына, 1 материал – экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарға қарсы күрес органдарына, 1 материал – сот органдарына жолданды.
Шаралар қабылдау үшін барлығы 89 ақпарат жолданды: оның ішінде 43-і – Денсаулық сақтау басқармасына, 46-сы – құқық қорғау және сот органдарына.
2025 жылдың сәйкес кезеңінде барлығы 83 ақпарат жолданған, оның ішінде 46-сы – Денсаулық сақтау басқармасына, 37-сі – құқық қорғау және сот органдарына.
2026 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Департамент тарапынан (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген қызметтерді қоспағанда) қызмет көрсетушінің ақпараттық жүйелері, «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz (www.elicense.kz) арқылы электрондық нысанда барлығы 8 695 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде 6 286 қызмет бойынша оң шешім қабылданды, 2 409 қызмет бойынша бас тартылды, оның ішінде:
1. Клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификатын беру – барлығы 8 126 қызмет, оның ішінде 6 023 сертификат берілді, 2 103 өтініш бойынша бас тартылды;
2. Клиникалық практикаға жіберу үшін шетелдік маманға сертификат беру – барлығы 72 қызмет, оның ішінде 35 сертификат берілді, 37 өтініш бойынша бас тартылды;
3. Медициналық қызметке лицензия беру – барлығы 445 қызмет (жеке тұлғаларға – 29, заңды тұлғаларға – 416), оның ішінде 207 лицензия берілді (жеке тұлғаларға – 14, заңды тұлғаларға – 193), 238 өтініш бойынша бас тартылды (жеке тұлғаларға – 14, заңды тұлғаларға – 214);
4. Денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификатын беру – барлығы 52 қызмет (тек жеке тұлғаларға көрсетілген), оның ішінде 21 сертификат берілді, 31 өтініш бойынша бас тартылды.