Алматылық психиатр алжудың алғашқы белгілерін атады

Алматылық психиатр алжудың алғашқы белгілерін атады

Ұмытшақтық әрдайым деменцияны білдірмейді. Алматының штаттан тыс бас психиатры Наби Есімовтің айтуынша, ең маңыздысы — өзгерістердің тұрақты болып, адамның күнделікті өміріне әсер етуі.

Назар аударуды қажет ететін белгілер:

• жақында болған оқиғаларды жиі ұмыту;
• бір сұрақты қайта-қайта қою;
• уақыт пен кеңістікте бағдардан жаңылу;
• күнделікті сөздерді табуда немесе сөйлеуде қиналу;
• ақша, дәрі-дәрмек және тұрмыстық мәселелерді өз бетінше басқарудың қиындауы;
• мінез-құлық пен көңіл-күйдің өзгеруі.
«Егер өзгерістер біртіндеп күшейіп, адамның бұрынғы күнделікті істерін өз бетінше орындауына кедергі келтірсе, дәрігерге қаралып, тексеруден өту қажет», — дейді Наби Есімов.

Есте сақтау қабілетінің төмендеуі әрдайым деменциямен байланысты емес. Оған ұйқының бұзылуы, депрессиялық жағдайлар, кейбір аурулар мен дәрі-дәрмектер де әсер етуі мүмкін. Сондықтан өз бетінше диагноз қоймай, маманға жүгінген жөн.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-densaulyk/press/news/details/1306714?lang=kk