ДӨҢШИ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ

ДӨҢШИ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ

2026 жылғы 7 қазан күні сағат 10:00-де Дөңши ауылының тұрғындарымен ашық алаңда Бәйшегір ауылдық округінің әкімі А. Тлеуғасымның биылғы жылы атқарған жұмыстары мен алдағы уақытта атқарылатын жұмыстары жөнінде кездесуі өтті.

Кездесу барысында ауыл тұрғындарының ұсыныс-пікірлері тыңдалып, елді мекеннің әлеуметтік-экономикалық дамуы, абаттандыру және өзге де өзекті мәселелер талқыланды.

Кездесу соңында тұрғындардың сұрақтарына жауаптар беріліп, көтерілген мәселелер бойынша іс шаралар жоспарына сәйкес орындалуы жөнінде жауапты мамандарға тапсырмалар берілді.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-baishegir/press/news/details/1306669?lang=kk