1 Қазан - Халықаралық қарттар күні

1 Қазан - Халықаралық қарттар күні

Қарттарға құрмет – ұрпаққа міндет

Қоңырөлең ауылдық округінде жасы 90 жасқа жуықтаған ақ жаулықты әжелерімізге құрмет көрсетіліп, арнайы тәтті себеттер табысталды.

Ізгі шараны Қоңырөлең ауылдық округі мамандары ұйымдастырып, ауылдың ардақты қарттарының хал-жағдайын сұрап, ақ баталарын алды.

Бұл игі бастамаға 1987 жылы туған азаматтар демеушілік көрсетіп, қарттарымызға қуаныш сыйлауға өз үлестерін қосты.

Қарияларды құрметтеу – халқымыздың ежелден келе жатқан асыл дәстүрі. Ақ жаулықты әжелеріміздің ақ батасы мен өнегелі өмір жолы – кейінгі ұрпаққа үлкен үлгі.

Қарттарымызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларына амандық пен береке тілейміз!

Қартын қадірлеген елдің – ырысы артып, мерейі үстем болады.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-panfilov-konyrolen/press/news/details/1306370?lang=kk