Чистопол ауылында көктемгі ықтимал су басудың алдын алу мақсатында су өткізу құбырларын жабу жұмыстары басталды.
Жүргізіліп жатқан іс-шаралар халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, еріген қар суының елді мекен аумағына жайылуына жол бермеуге, сондай-ақ көктемгі су тасқыны кезеңінде тұрғын үйлер мен инфрақұрылым нысандарын су басу қаупін азайтуға бағытталған.
Елді мекенді тасқын кезеңіне дайындау қажеттілігі ескеріліп, бұл жұмыстар алдын ала қолға алынуда.