АУДАНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АХУАЛ ТАЛҚЫЛАНДЫ

АУДАНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АХУАЛ ТАЛҚЫЛАНДЫ
 
🇰🇿 Төлеби ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында Түркістан облысы прокурорының орынбасары Нұрғали Шекербекұлы Асқанбеков, Түркістан облысы прокурорының аға көмекшісі – топ басшысы Ербол Асқарбекұлы Тұрсынбаев және аудан әкімі Еркеғали Амантайұлы Әлімқұловтың қатысуымен мәжіліс өтті.
 
✅ Жиында ауданның қоғамдық-саяси ахуалы, елді мекендердегі әлеуметтік тұрақтылық пен қоғамдық келісімді қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстардың жай-күйі талқыланды.
 
✅ Кездесу барысында өзекті мәселелер сараланып, қоғамдық тұрақтылықты сақтау, тұрғындармен кері байланысты нығайту және алдағы кезеңдегі міндеттерді жүйелі түрде жүзеге асыру мәселелеріне назар аударылды.
 
©️ Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі
 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-tolebi-audany/press/news/details/1306125?lang=kk