ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу – басты назарда

ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу – басты назарда
Батыс Қазақстан облысында ЖРВИ мен тұмауға қатысты эпидемиологиялық жағдай санитариялық-эпидемиологиялық бақылауда.
📊 2026 жылғы 5 қазандағы мәлімет бойынша:
🔹 облыста 95 078 ЖРВИ жағдайы тіркелді;
🔹 оның 63 500-і – 14 жасқа дейінгі балалар;
🔹 өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ЖРВИ-мен сырқаттанушылық 21,38%-ға төмендеді;
🔹 тұмаудың 32 жағдайы зертханалық түрде расталды.
💉 Тұмауға қарсы вакцинация – аурудың және оның асқынуларының алдын алудың тиімді шараларының бірі.
Биылғы эпидемиологиялық маусымға облысқа 68 000 доза тұмауға қарсы вакцина алу жоспарланған.
🛡️ ЖРВИ мен тұмаудан сақтану үшін:
✔️ қолды жиі жуыңыз;
✔️ бөлмелерді тұрақты желдетіңіз;
✔️ адам көп жиналатын орындарда сақтық шараларын сақтаңыз;
✔️ ауру белгілері байқалса, үйде қалып, медициналық көмекке жүгініңіз;
✔️ балаларда ЖРВИ белгілері болса, мектепке немесе балабақшаға жібермеңіз;
✔️ антибиотиктерді дәрігердің тағайындауынсыз қабылдамаңыз.
🤝 Өзіңіздің және жақындарыңыздың денсаулығына жауапкершілікпен қарайық!

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-zko/press/news/details/1306069?lang=kk