Балпық ауылдық округінің әкімі ағымдағы жылдың 6 қазанда Ұмтыл ауылы тұрғындармен кездесу өткізді.

Балпық ауылдық округінің әкімі ағымдағы жылдың   6 қазанда  Ұмтыл ауылы тұрғындармен  кездесу өткізді.

Кездесу барысында есепті кезеңде атқарылған жұмыстар туралы есеп беріліп, округтің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары таныстырылды.
Атап айтқанда, Округ аумағындағы тазалық пен тәртіпті сақтау, көшелер мен қоғамдық орындарды күтіп ұстау, абаттандыру жұмыстарын жүргізу, көше жарықтарының жай-күйін жақсарту мәселелері сөз болды.Кездесу барысында округ тұрғындары өздерін толғандырған мәселелер бойынша сұрақтар қойып, ұсыныстарын білдірді. Қойылған сұрақтарға тиісті түсіндірмелер мен жауаптар берілді.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-balpyk/press/news/details/1305998?lang=kk