Қарттарым – асыл қазынам

Өмірлік тәжірибесі мол, парасаты биік аға буын – әрбір шаңырақтың берекесі мен жүрер жолымыздың темірқазығы. ​Ақжал кентінде 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай дәстүрлі «Қарттарым – Қазынам» атты салтанатты мерекелік іс-шара өтті. ​Кент әкімдігінің ұйытқы болуымен және «Nova-Цинк» кәсіпорнының демеушілігімен ұйымдастырылған мерекелік дастарқан «Әмір» тойханасының кіші залында жайылды.

​Салтанатты кеште кент әкімі Е.Әбдірәсіл, аудан Мәслихатының депутаты М.Нокешов, кәсіпорынның әлеуметтік және әкімшілік сұрақтар бөлімінің басшысы М.Молыбаев мәнді де мағыналы жылы лебіздері мен ақ тілектерін білдіріп, мереке иелерін құттықтады.

​Кештің концерттік бағдарламасын Ажибжан Жанасбаев ағамыз бастаған кентіміздің «Шабыт» ансамблі ашып, өңір әншілері әуелеген әнмен жалғастырды. Мереке иелері де шет қалмай, шырқап ән айтып, би билеп, ерекше көтеріңкі көңіл-күй кешті.

​Ыстық ықылас пен шынайы құрметке толы болған бұл кеш қарияларымыздың жүрегіне жылу сыйлады деген ойдамыз.

​🤝 Ата-әжелерімізге мерекелік қуаныш сыйлап, демеушілік көрсеткен «Nova-Цинк» кәсіпорнының басшылығына шексіз алғысымызды білдіреміз!
​Қарттарымыз аман, еліміз тыныш болсын!

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-akzhal/press/news/details/1305984?lang=kk