Үлкенге құрмет — ұрпаққа міндет!

Қарттар күні мерекесі қарсаңында кентіміздің ең жасы үлкен тұрғыны, 92 жастағы Наханова Тауық апамыздың шаңырағы береке мен шаттыққа толды.

​Кент әкімі Е. Әбдірәсіл, Шет ауданы мәслихатының депутаты М. Нокешов және «Шұғыла» мәдениет үйінің қызметкерлері апамыздың үйіне арнайы барып, мерейлі мерекесімен құттықтап қайтты.

​Өнегелі ғұмыр кешкен кейуанамыздың иығына шапан жауып, басына ак орамал тартып, тәттілер себетін сыйға тартты. «Шұғыла» мәдениет үйі өнерпаздарының әуезді әні жүректерді тебірентіп, апамыздың ак батасын алды.

​Жасы 92-ге келген Тауық апамызға бекем денсаулық, әулетіне амандық тілейміз! Ауылымыздың қариялары аман болсын!

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-akzhal/press/news/details/1305974?lang=kk