«ТАТУЛЫҚ ПЕН ЗАҢ ЖОЛЫНДА: БІРЛІК, ӘДІЛЕТ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ ТОҒЫСЫ» АТТЫ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

Халел Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің ұйымдастыруымен «Татулық пен заң жолында: бірлік, әділет және ғылым тоғысы» тақырыбында 30 қыркүйек – Әділет органдары қызметкерлері күніне арналған аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Конференция жұмысына Атырау облысы Әділет департаментінің басшысы Г.У. Кыстаубаева және департамент қызметкерлері қатысып, өздерінің баяндамаларын ұсынды.
Сондай-ақ, Халел Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің ректоры С. Идрисов сөз сөйлеп, 30 қыркүйек – Әділет органдары қызметкерлері күнімен құттықтады.
Іс-шара барысында заң үстемдігін қамтамасыз ету, әділетті қоғам мен құқықтық мемлекетті дамыту, заң ғылымы мен құқық қолдану тәжірибесінің өзара сабақтастығын нығайту, сондай-ақ қоғамдық келісім мен азаматтардың құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды.
Конференция аясында қатысушылар аталған бағыттар бойынша өзекті мәселелерді ортаға салып, тәжірибе және ой-пікір алмасты.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-atr/press/news/details/1305938?lang=kk