Целиноград ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің жаңа басшысы

Целиноград ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің жаңа басшысы

Бүгін аудан әкімі Сабырғали Дарын Сабырғалиұлы аудан активі мен әкім аппаратының ұжымына Целиноград, Қорғалжын аудандары мен Қосшы қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, майоры Турабек Алабердыұлы Нуруллоевты таныстырды.

Іс-шараға Ақмола облысының қорғаныс істері департаментінің бастығы, полковнигі Марғұлан Әлібекұлы Шағиев те қатысты.

Таныстыру барысында бөлімнің негізгі міндеттері мен басым бағыттары, оның ішінде қорғаныс және әскери есеп саласындағы жүктелген өкілеттіктерді сапалы орындау мәселелері атап өтілді.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1280474?lang=kk