Атырау облысы Әділет департаментімен «Дина» ірі сауда орталығындағы кәсіпкерлерге контрафактілік өнімдерді өткізуге жол бермеу, тауар белгілерін заңсыз пайдаланудың құқықтық салдарын түсіндіру мақсатында сауда орталығына «Контрафактілік өнімге жол жоқ! Жалған өнім – нақты қауіп!» тақырыбындағы ақпараттық баннер орналастырылды.
Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 158-бабына сәйкес бөтен тауар белгісін заңсыз пайдалану әкімшілік жауаптылыққа және Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 222-бабына сәйкесқылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатындығы көрсетілген.
Сауда орталығына «Контрафактілік өнімге жол жоқ! Жалған өнім – нақты қауіп!» тақырыбындағы ақпараттық баннер орналастырылды
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-atr/press/news/details/1305893?lang=kk