Құтқарушылардың іс-қимыл үйлесімділігі ПТЖ барысында тексерілді

Құтқарушылардың іс-қимыл үйлесімділігі ПТЖ барысында тексерілді

Қостанай қаласында ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қостанай облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі департаментінің РММ нысанында өрт-тактикалық оқу-жаттығуы (ӨТЖ) өткізілді.

Оқу-жаттығу барысында шартты төтенше жағдай туындаған кездегі бөлімшелердің іс-қимылдары пысықталып, өзара іс-қимыл және жедел әрекет ету дағдылары жетілдірілді.

Оқу-жаттығу жоспарына сәйкес шартты оқиға орнына өрт-құтқару бөлімшелерінің күштері мен құралдары жіберілді. Негізгі назар қызметтер арасындағы өзара іс-қимылды ұйымдастыруға, жеке құрамның үйлесімді әрекет етуіне және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге аударылды.

Оқу-жаттығуға барлығы 30 адам және 8 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-kostanay/press/news/details/1305891?lang=kk