Қызметтік әдеп және өзара сыйластық – тиімді ұжымның негізі

2026 жылғы 21 қыркүйекте Атырау облысы Әділет департаментінде «Қызметтік әдеп және өзара сыйластық – тиімді ұжымның негізі» тақырыбында семинар өткізілді.
Іс-шара Атырау облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл М. Музатованың төрағалығымен ұйымдастырылды.
Семинардың негізгі мақсаты – қызметтік әдеп қағидаттарын нығайту, ұжымдағы өзара түсіністік пен сыйластықты арттыру, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің кәсіби қарым-қатынас мәдениетін жетілдіру.
Семинарға арнайы шақырылған Атырау облысы Полиция департаментінің аға инспектор-психологы, полиция подполковнигі Аденова Самал Айсаевна қатысып, қызметтік ортадағы өзара қарым-қатынас мәдениеті, ұжымдағы психологиялық ахуал және қызметтік әдеп нормаларын сақтау мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп талаптарын сақтауы, әріптестермен және азаматтармен өзара сыйластыққа негізделген қарым-қатынас орнатуы, сондай-ақ жұмыс орнында қолайлы психологиялық ахуалды қалыптастырудың маңызы талқыланды.
В завершение мероприятия участники задали интересующие их вопросы и обменялись мнениями по теме семинара.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-atr/press/news/details/1305890?lang=kk