Исатай ауданында заңнамалық жаңашылдықтар түсіндірілді

Атырау облысы Әділет департаментінің қызметкерлері Исатай ауданында ақпараттық-түсіндіру кездесуін өткізді.
Кездесу барысында Департаменттің бөлім басшылары Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясындағы жаңашылдықтар мен заңнамаға енгізілген өзгерістер, сондай-ақ Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекске енгізілген өзгерістер және азаматтардың өтініштерін қарау сапасын арттыру мәселелері бойынша баяндама жасады.
Іс-шара барысында заңнамалық өзгерістердің негізгі бағыттары мен азаматтардың өтініштерін қарау тәртібі түсіндірілді.
Кездесу соңында қатысушылардың сұрақтарына жауап беріліп, тиісті түсіндірмелер ұсынылды.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-atr/press/news/details/1305881?lang=kk