Сарыбұлақ ауылдық округінде «Қарттарым – асыл қазынам» атты мерекелік іс-шара өтті

Сарыбұлақ ауылдық округінде «Қарттарым – асыл қазынам» атты мерекелік іс-шара өтті

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Сарыбұлақ ауылдық округінде мерекелік іс-шара ұйымдастырылып, ауылдың қазыналы қарттарына арнап ақ дастархан жайылды.

Іс-шараның басты мақсаты – аға буын өкілдеріне құрмет көрсету, олардың өмірлік тәжірибесі мен өнегесін кейінгі ұрпаққа насихаттау, сондай-ақ қарттарға деген ізгі ықылас пен қамқорлықты арттыру.

Мерекелік дастархан барысында ауылдың ардагерлері мен қазыналы қарияларына жылы лебіздер айтылып, мерекелік көңіл-күй сыйланды. Қарттар өздерінің ақ баталары мен ізгі тілектерін білдіріп, ұйымдастырушыларға алғыстарын жеткізді.

Қарттар күні – үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетудің жарқын үлгісі. Ауылдың берекесі мен бірлігін арттыруға өз үлесін қосып келе жатқан аға буынның еңбегі әрдайым құрметке лайық.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-kerbulak-sarybulak/press/news/details/1305843?lang=kk