Баға мониторингі

Қызыләскер ауылдық округі әкімдігі аппаратының мамандары әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына мониторинг жүргізді. Іс-шараның негізгі мақсаты – бірінші кезектегі қажетті тауарлардың ағымдағы баға жағдайын зерделеу және бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу.
Мониторинг барысында округ аумағындағы сауда нысандары араланып, әлеуметтік маңызы бар тауарлар тізіміне енгізілген негізгі азық-түлік өнімдерінің бағасына талдау жасалды. Сондай-ақ, тауарлардың сөрелерде болуы, бағаның тұрақтылығы және тұрғындар үшін өнімдердің қолжетімділігіне ерекше назар аударылды.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-mamlyut-kyzylasker/press/news/details/1305827?lang=kk