Алматыда МӘС-тен өту үшін электронды кезек қолжетімді

Алматыда МӘС-тен өту үшін электронды кезек қолжетімді

Алматы қаласының тұрғындары медициналық-әлеуметтік сараптамадан (МӘС) өту үшін алдын ала электронды кезекке жазылып, өздеріне ыңғайлы күн мен уақытты таңдай алады.

Электронды кезекке Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы жазылуға болады. Бұл қызмет азаматтарға МӘС-тен өту уақытын алдын ала жоспарлап, кезекте тұруға уақыт жоғалтпауға мүмкіндік береді.

2026 жылдың 1 қазандағы жағдай бойынша Алматыда электронды кезекті 3 030 адам пайдаланды.

▶️ Алматы қаласының тұрғыны МӘС-тен электронды кезек арқылы өту тәжірибесімен бөлісті.

https://www.instagram.com/reel/DeJf2d4ii-i/?stkn=MXdkaGh0ajNoOHJyMg==

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-shymkent/press/news/details/1305807?lang=kk