Қызылорда облысының прокуратурасы «Әлеуметтік медициналықсақтандыру қоры» КЕАҚ облыстық филиалында Қор қаражатының игерілузаңдылығына талдау жүргізді.
Талдау барысында мемлекеттік медициналық ұйымдардың жекемедициналық ұйымдарға – бірлесіп орындаушыларға шартта белгіленген сомадан артық төлем жасағаны анықталды.
Атап айтқанда, «Жаңақорған орталық аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК ЖШС-ке 2023 жылы 33,1 млн теңге, 2024 жылы 6,6 млн теңге, ал «Арал орталық аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК 2023 жылы 13,8 млн теңге, 2024 жылы 18,6 млн теңге артық қаражат аударған.
Осылайша, бірлесіп орындаушыға жалпы 73 млн теңге негізсіз төлем жасалған.
Прокуратураның ұсынысы негізінде заң бұзушылықтар жойылып, жауапты лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімдерімен 73 млн теңге толық көлемде өндірілді.
Мемлекеттік медициналық ұйымдардың бірлесіп орындаушыларғақаражат аудару заңдылығы Қызылорда облысының прокуратурасының бақылауында.