Шымкентте Қылмыстық іздестіру қызметі саласы ардагерлерінің қатысуымен салтанатты іс-шара өтті.

Шымкентте Қылмыстық іздестіру қызметі саласы ардагерлерінің қатысуымен салтанатты іс-шара өтті.

Мерекелік жиынға қылмыстық іздестіру саласының ардагерлері мен департаменттің жеке құрам қызметкерлері қатысты. Кәсіби мерекеде қызметте жоғары нәтиже көрсеткен 30-дан астам жедел уәкіл марапатталды.

Жиында ардагерлердің салаға сіңірген еңбегі ерекше аталып, жас буынға ізгі тілектер айтылды. Сондай-ақ қылмыспен күресте табандылық пен кәсібилік танытып жүрген қызметкерлерге алғыс білдірілді.

Қылмыстық іздестіру қызметі – қылмыстың ізін суытпай ашып, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде маңызды міндет атқаратын полицияның негізгі бағыттарының бірі.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-shymkent/press/news/details/1305605?lang=kk