ХАБАРЛАМА

2026 жылғы 9  қазанда  Ақтоғай ауданы әкімдігінің ғимаратындағы үлкен мәжіліс залында сағат 11–00-де VIІІ шақырылған аудандық мәслихаттың кезектен тыс LІX (59) сессиясы шақырылады.

          Сессияның Күн Тәртібінің қарауына келесі мәселелер енгізіледі:

  1. Ақтоғай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы «2026-2028 жылдарға арналған Ақтоғай ауылдық округінің бюджеті туралы» №239/43 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

 Баяндамашы: Ақтоғай ауылдық округінің әкімі – Жусупов Аспан Қалқаманұлы.

  1. Ақтоғай ауданының 2026-2030 жылдарға арналған даму Жоспарына өзгерістер енгізу туралы.

Баяндамашы: Ақтоғай ауданының  экономика және бюджеттік  жоспарлау бөлімінің басшысы – Жумагулова Куляйм Қайырқызы.

  1. Ақтоғай ауданының кейбір учаскелік сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізу туралы.

Баяндамашы: Ақтоғай ауданының мәслихат төрағасы – Ташенев Жанат Шұғайұлы.

  1. Әр түрлі мәселелер.

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-aktogay/press/news/details/1305603?lang=kk