Отырыста кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, балалардың қараусыздығы мен панасыздығына жол бермеу, сондай-ақ қиын өмірлік жағдайға тап болған балалармен жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпараттар тыңдалды.
Сонымен қатар, әлеуметтік жағдайы қолайсыз отбасыларды жылыту маусымына дайындау мәселесі қаралды.
Комиссия отырысында кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің ата-аналық міндеттерін тиісінше орындауына қатысты екі мәселе талқыланды.
Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ отбасыларға қажетті қолдау көрсету мәселелері комиссияның тұрақты назарында.
📢 Кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-shalakyn/press/news/details/1305520?lang=kk