Хабарландыру!

Хабарландыру!

2026 жылғы 7 қазанда сағат 10:00-де Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің «Instagram» әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында «Онлайн-жәрмеңке» форматында мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша тікелей эфир өткізіледі. Тікелей эфир барысында мынадай салалар бойынша ақпарат беріледі:
- азаматтық хал актілерін тіркеу;
- жылжымайтын мүлікті тіркеу;
- коммерциялық емес заңды тұлғаларды тіркеу;
- ресми құжаттарға апостиль қою;
- нотариаттық және адвокаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер тұлғаларды аттестаттау.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-shko/press/news/details/1305405?lang=kk