Мемлекет басшысы мұғалімдерді кәсіби мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы мұғалімдерді кәсіби мерекесімен құттықтады

✔️Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекет басшысы ретінде ұстаздарды жан-жақты қолдау жұмысына айрықша мән беретінін жеткізді.

✔️Қасым-Жомарт Тоқаевтың пайымдауынша, жас ұрпақ дамыған мемлекетте, қауіпсіз ортада, өркениетті қоғамда өмір сүруі керек.

✔️Қазір Қазақстанда 4 миллионнан астам оқушы бар, яғни, еліміздің әрбір бесінші азаматы мектепте білім алып жатыр.

✔️Президент өткен аптада Астанада жасанды интеллект тақырыбына арналған ауқымды іс-шаралар өткеніне тоқталды.

✔️Алайда Президент озық технология дәуірінде кітап оқудың да мән-маңызын арттыруымыз қажет санайды. Бұл ретте Мемлекет басшысы өскелең ұрпаққа осы құндылықты сіңіруге тұтас қоғам атсалысуы қажет екенін айтты.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar-monkebi/press/news/details/1305289?lang=kk