ЖАҚСЫ АУДАНЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
2026 жылғы 25 қыркүйекте Жақсы ауылында Жақсы ауданы Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Отырысқа Қоғамдық кеңес мүшелері, мемлекеттік мекемелердің басшылары мен жауапты мамандар қатысты.
Күн тәртібінде мәселелер қаралды. Атап айтқанда:
- Жақсы ауданының «Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ басшысының «Бөлімнің жұмысы және 2026 жылдың соңына дейінгі жұмыс жоспарлары туралы» есебі.
- Жақсы ауылы әкімінің «Ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша атқарылған жұмыстар және 2026 жылдың соңына дейінгі жұмыс жоспарлары туралы» есебі.
- «Терісақан ауылы әкімінің аппараты» ММ-нің 2026 жылға мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша жоспарлы көрсеткіштердің орындалуы.
- «Запорожье ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің 2026 жылға мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша жоспарлы көрсеткіштердің орындалуы.
Қоғамдық кеңес мүшелері қаралған мәселелер бойынша тиісті ұсыныстар берді.