ШҚО-да кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтің алдын алу мәселелері талқыланды

ШҚО-да кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтің алдын алу мәселелері талқыланды

ШҚО-да кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтің алдын алу мәселелері талқыланды

Шығыс Қазақстан облысында кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтік мінез-құлықтың алдын алу мәселелері бойынша жұмыс отырысы өтті.

Отырысқа Полиция департаментінің, білім және денсаулық сақтау басқармаларының өкілдері, облыстың мектептері мен колледж директорлары, сондай-ақ Психологиялық қолдау орталығының мамандары қатысты.

Қатысушылар кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтік әрекеттердің алдын алуға қатысты өзекті мәселелерді, балалардың эмоционалдық жағдайына әсер ететін себептер мен факторларды, сондай-ақ көмекке мұқтаж жасөспірімдерді дер кезінде анықтау мәселелерін талқылады.

Мемлекеттік органдар мен ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылға, ақпарат алмасуға және бірлескен шараларды әзірлеуге ерекше назар аударылды.

Отырыс қорытындысы бойынша профилактикалық жұмыстың негізгі бағыттары және мемлекеттік органдар мен білім беру ұйымдары арасындағы өзара іс-қимылды жетілдіру жолдары айқындалды.

Бұл бағыттағы жұмыс тұрақты негізде жалғасуда.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1305067?lang=kk