Семей қаласында «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының XXII маусымының жабылуына арналған республикалық салтанатты жиын өтті.

Семей қаласында «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының XXII маусымының жабылуына арналған республикалық салтанатты жиын өтті.

Биыл маусымдық жұмыспен 35 мыңнан астам жас қамтылды. «Жасыл ел» жасақтары елді мекендерді абаттандыруға, экологиялық бастамалар мен қоғамдық маңызы бар жобаларға атсалысты.

Салтанатты жиынға еліміздің барлық өңірінен еңбек жасақтарының өкілдері, мемлекеттік органдар, жастар және қоғамдық ұйымдар, сондай-ақ Ресей Федерациясының делегациясы қатысты.

Іс-шарада еңбек маусымының қорытындысы шығарылып, үздік жасақтар мен белсенді жастар марапатталды. Сондай-ақ Қазақстан мен Ресейдің жастар ұйымдары тәжірибе алмасты.

Қатысушылар Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығына да арнайы барды.

Бағдарлама соңында жастар «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында ағаш көшеттерін отырғызды.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-zhastar-basqarmasy/press/news/details/1305014?lang=kk