ИНДЕР АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ ЕСІНЕ!

          Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10, 19-баптарына сәйкес аудандық мәслихат төрағасы 2026 жылдың 08 қазан күні сағат 11.00-де аудан әкімдігінің мәжіліс залында сегізінші сайланған Индер аудандық мәслихатының кезектен тыс LІX сессиясын шақыру туралы шешім қабылдады.

           Сессияның қарауына ұсынылатын мәселелер:

          1. «2026-2028 жылдарға арналған Индер ауданының ауылдық округтерінің және Индербор кентінің бюджеттерін бекіту туралы» аудандық мәслихаттың 2025 жылғы 25 желтоқсандағы №198-VІІІ шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

          Хабарламашы: Қонасова Гүлмира Әмірғалиқызы – Индер аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.

          2.Басқа да мәселелер.

          Индер аудандық мәслихатының аппараты

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-inder-district/press/news/details/1304993?lang=kk