ИНДЕР АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ ЕСІНЕ!

          Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10, 19-баптарына сәйкес аудандық мәслихат төрағасы 2026 жылдың 07 қазан күні сағат 11.00-де аудан әкімдігінің мәжіліс залында сегізінші сайланған Индер аудандық мәслихатының кезектен тыс LVІІІ сессиясын шақыру туралы шешім қабылдады.

          Сессияның қарауына ұсынылатын мәселелер:

          1. «2026-2028 жылдарға арналған Индер ауданының бюджетін бекіту туралы» Индер аудандық мәслихатының 2025 жылғы 22 желтоқсандағы №194-VIIІ шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

          Хабарламашы: Қонасова Гүлмира Әмірғалиқызы – Индер аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.

          2. Басқа да мәселелер.

          Индер аудандық мәслихатының аппараты

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-inder-district/press/news/details/1304976?lang=kk