Өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуына тексеру жүргізілді

Өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуына тексеру жүргізілді

«DALA-FRUIT.KZ» ЖШС және «Кентау трансформатор зауыты» кәсіпорнында өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуына тексеру жүргізілді.

Тексеру барысында нысандардағы өрт қауіпсіздігі талаптарының орындалуы, өрттің алдын алу шаралары, эвакуациялық жолдардың жай-күйі және өртке қарсы құралдардың жарақтандырылуы назарға алынды.

Тексеру қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтар бойынша тиісті нұсқама беріліп, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау қажеттілігі түсіндірілді.

Өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау – адам өмірі мен денсаулығын қорғаудың, сондай-ақ материалдық шығындардың алдын алудың маңызды шараларының бірі.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-turkistan/press/news/details/1304969?lang=kk