Жаңаарқа ауданында түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Жаңаарқа ауданында түсіндіру жұмыстары жүргізілді
Жұмыс сапары аясында медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің мамандары Жаңаарқа аудандық ауруханасының жалпы практика дәрігерлерімен кездесу өткізіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында азаматтарды МӘС-ке жіберудің негізділігі, медициналық құжаттарды сапалы рәсімдеу және қажетті құжаттар топтамасының толықтығын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Мақсат – МӘС рәсімдерін сапалы ұйымдастыру және азаматтарға көрсетілетін қызметтердің тиімділігі мен қолжетімділігін арттыру. Түсіндіру барысында заң мен тәртіп қағидасына сәйкес қызмет көрсету керек екені айтылды. #заңментәртіп
 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-ulytau/press/news/details/1304860?lang=kk