Департамент ғимаратында әйелдер кеңесінің отырысы өтті.
Жиын барысында әйел қызметкерлердің әлеуметтік және кәсіби мәселелері, ұжымдағы қолайлы моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастыру, отбасы мен қызмет арасындағы үйлесімділікті сақтау, сондай-ақ, әйелдердің қоғамдағы және қызметтегі рөлін арттыру мәселелері талқыланды.
Полиция және отбасын қолдау орталығының мамандары қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау, құқықтық сауаттылық және психологиялық қолдаудың маңыздылығын атап өтті.