«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Байғанин ауданының 9 ауылдық округінде санитарлық тазалық пен абаттандыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.

Ауыл көшелері мен қоғамдық орындар тазартылып, заңсыз қоқыс орындарын жою, көгалдандыру және жасыл желектерді күтіп-баптау жұмыстары атқарылуда.

Тазалық шараларына 895 адам қатысып, 26 техника жұмылдырылды. Ауыл тұрғындары, мекеме қызметкерлері, жастар мен еріктілер ортақ іске белсенді атсалысуда.

Таза әрі көрікті аудан – баршамызға ортақ міндет!

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-baiganin/press/news/details/1304850?lang=kk