«Мәдениеттегі ұрпақтар сабақтастығы».

«Мәдениеттегі ұрпақтар сабақтастығы».

Солтүстік Қазақстан облысында мәдениет ардагерлерін, облыстық Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қызметкерлерін, ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары мен ұжымдарын, Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті өкілдігінің алғашқы білім алушыларын және «Жасыл ел» жастар қозғалысының қатысушыларын біріктірген кездесу өтті. Кездесу әртүрлі буын өкілдерінің өзара пікір алмасып, ортақ істің сабақтастығын сезінуіне мүмкіндік берді. Жас қатысушылар үшін бұл Солтүстік Қазақстан облысының мәдениетін дамытуға ұзақ жылдар бойы үлес қосқан, дәстүрлерді сақтап, өз еңбегімен өңірдің бүгінгі мәдени кеңістігін қалыптастырған жандармен танысуға мүмкіндік болды. Ардагерлер өз естеліктері мен кәсіби тәжірибелерімен бөлісіп, ал жастарға аға буын өкілдері ақ батасын берді. Бұл – жастарға ақ жол тілеп, басталған істің лайықты жалғасын табуына білдірілген ізгі ниет. Кездесудің жалғасы «Абылай хан резиденциясы» музейлік кешені аумағында ағаш отырғызу рәсімімен жалғасты. Ағаш отырғызу ұрпақтар сабақтастығы кездесуінің символдық жалғасына айналды.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-madeniet/press/news/details/1304705?lang=kk