Ақмола облысы білім беру жүйесінің өкілдері мемлекеттік қызметшілер арасындағы пікірсайыс турнирінде І орын иеленді

Ақмола облысы білім беру жүйесінің өкілдері мемлекеттік қызметшілер арасындағы пікірсайыс турнирінде І орын иеленді

Көкшетау қаласында мемлекеттік қызметшілер арасында «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» атты пікірсайыс турнирі өтті. Байқау қорытындысы бойынша І орынды «Ақиқат» командасы иеленді. Команда құрамында Ақмола облысының білім беру жүйесінің  өкілдері өнер көрсетті.

Турнирге облыстың 9 ауданынан, 12 облыстық басқармасы мен 6 департаментінен  24 команда, 72 мемлекеттік қызметші қатысты. Қатысушылар «Заң мен тәртіп» және «Адал азамат» қағидаттары аясындағы өзекті мәселелерді талқылап, өз ұстанымдарын дәйекті дәлелдермен қорғады. Сонымен қатар шешендік шеберліктері, сыни ойлау және командалық жұмыс дағдыларын көрсетті.

Турнирдің жеңімпазы — «Ақиқат» командасының құрамында Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар және Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Мейрамбек Рахимжанов пен Нұркен Шахметов.

Жеңімпаз команда құрамындағы білім беру саласының өкілдері турнир барысында жоғары нәтиже көрсетті. Атап айтқанда, Мейрамбек Рахимжанов «Үздік спикер» номинациясына ие болды. Бұл жеңімпаз команданың құрамындағы білім саласы мамандарының кәсіби білімімен қатар, өз ойын нақты жеткізу, дәлел келтіру және пікірталас мәдениетін жоғары деңгейде меңгергенін көрсетті.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-edu/press/news/details/1304593?lang=kk