5 қазан мен 5 қараша аралығында облыс аумағында «Қауіпсіз үй» профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның негізгі мақсаты – «Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асыру, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және тұрғын үй секторындағы профилактикалық жұмыстарды күшейту.
Осы кезеңде есепте тұрған тұлғалармен профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, көші-қон талаптарының сақталуына бақылау күшейтіледі. Сонымен қатар, тұрғындармен тығыз байланыс орнатып, қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
Қауіпсіз үй – қауіпсіз қоғамның негізі.
ҚЫЗЫЛОРДАДА «ҚАУІПСІЗ ҮЙ» ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТУДЕ
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-kyzylorda/press/news/details/1304591?lang=kk