Целиноград ауданының өнімдері Көкшетау қаласындағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде толық сатылды

Целиноград ауданының өнімдері Көкшетау қаласындағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде толық сатылды

Қарттар күніне орай Көкшетау қаласында Ақмола облысының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің қатысуымен дәстүрлі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Іс-шара облыс орталығының тұрғындарына өндірушілерден тікелей сапалы әрі балғын өнімдерді қолжетімді бағамен сатып алуға мүмкіндік берді.

Жәрмеңкеде 200 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімі ұсынылды. Сауда 50 павильонда орналасқан 100 сауда орнында ұйымдастырылды. Тұрғындарға жергілікті өндірістің ет, сүт, балық және өзге де өнімдерінің кең ассортименті ұсынылды.

Жәрмеңкені ұйымдастыруға Целиноград ауданының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері де белсенді қатысты. «Родина» Агрофирмасы» ЖШС 2 тонна сүт өнімдерін ұсынды. «Capital projects ltd» ЖШС 0,7 тонна құс етін, 0,3 тонна шұжық өнімдері мен жартылай фабрикаттарды, сондай-ақ 20 мың дана жұмыртқа сатылымға шығарды. Сонымен қатар жәрмеңкеде 1,5 тонна сиыр еті, 1 тонна жылқы еті және «Посейдон» ЖШС-нен 0,5 тонна форель балығы ұсынылды.

Келушілер арасында жұмыртқа мен құс етіне сұраныс ерекше жоғары болды. «Capital projects ltd» ЖШС сауда орындарының маңында күні бойы сатып алушылардың қарасы көп болды. Жәрмеңке қорытындысы бойынша Целиноград ауданының кәсіпорындары ұсынған барлық өнім толықтай сатылды.

Мұндай жәрмеңкелер отандық тауар өндірушілерді қолдауға, азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға және тұрғындарды қолжетімді бағамен сапалы өніммен қамтамасыз етуге ықпал етеді.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1304589?lang=kk