Ұстазға құрмет – ұрпаққа тағзым

Ұстазға құрмет – ұрпаққа тағзым

Құрметті ұстаздар!

Сіздерді бүгінгі келіп жеткен кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймыз!

Сіздердің әрбіріңіз біздің білім беру саласына өлшеусіз үлес қосып, ел дамуына атсалыстыңыздар. Сіздер балаларға тек білім ғана емес, өмірге деген көзқарас қалыптастыруды, рухани құндылықтарды бағалауды үйреттіңіздер.

Сіздердің арқаларыңызда ұрпақтарымыз болашаққа сеніммен қарап, үлкен жетістіктерге жетіп жатыр. Елдің дамуы, өңірдің дамуы ұстаздарға тікелей байланысты. Сіздердің кәсіби қызметіңіз ең бағалы қызмет!

Мерекелеріңіз құтты болсын, еңбектеріңіз жемісті, өмірлеріңіз мәнді болсын!

Құрметпен Алатау қаласының мәслихат төрағасы                                             Р. Абилова 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-alatau/press/news/details/1304583?lang=kk