,,ҚАРТЫ БАР ЕЛДІҢ ҚАЗЫНАСЫ БАР ’’

,,ҚАРТЫ БАР ЕЛДІҢ ҚАЗЫНАСЫ БАР ’’

✨️Халықаралық қарттар күніне орай Ойыл ауданының әкімі С. Займолдин ауданның ауыл шаруашылығы саласына, экономикалық және әлеуметтік дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар қарияның шаңырағына арнайы барып, мерекемен құттықтады.

🔹️Ардагерлерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларына амандық пен бақ-береке тіледі.

⚡️Өз кезегінде ақсақалдар ақ батасын беріп, ізгі тілектері мен жылы лебіздерін жеткізді. Қарияларға құрмет көрсету – ұрпаққа өнеге, елдің рухани құндылықтарын дәріптейтін игі дәстүр.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-uil/press/news/details/1304569?lang=kk