Іс-шара барысында Департаменттің құрылымдық бөлімшелеріне ұсынылған «Тасқын», «Көшпенділер», «Қан мен тер», «Абай жолы» секілді басқа да шығармалар талқыланды.
Қатысушылар кітаптардың мазмұны мен негізгі идеялары бойынша өз ой-пікірлерін ортаға салып, шығармалардағы тағылымды дүниелердің полиция қызметіне ықпалы және оларды күнделікті қызметте қолдану мүмкіндіктері жөнінде пікір алмасты.
Іс-шара соңында оқырмандарды кітап оқуға ынталандыру мақсатында «Kitapal» кітап дүкенінің сертификаттары сыйға тартылды.
Шымкент қаласы Полиция департаменті қызметкерлері арасында «Кітап оқитын ұлт» оқырмандар клубы аясында кітаптарды талқылау және пікір алмасу іс-шарасы өтті.
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-shymkent/press/news/details/1304568?lang=kk