Шортанды ауданында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті

Шортанды ауданында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті

2 қазан күні Шортанды ауданында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылып, аудан әкімі жәрмеңке жұмысының барысымен танысты.

Жәрмеңкеде жергілікті тауар өндірушілердің өнімдері ұсынылып, тұрғындарға ет, сүт өнімдері, көкөніс және басқа да азық-түлік тауарлары қолжетімді бағамен сатылды.

Жәрмеңке барысында аудан әкімі кәсіпкерлермен және тұрғындармен тілдесіп, ұсынылған өнімдердің сапасы мен бағасына назар аударды.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-shortandy/press/news/details/1304436?lang=kk